Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО)

Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жеткізе ме? Министрлік түсініктеме берді

Қазақстан энергетика министрлігі Ресейге 50 мың тонна бензин жеткізу мәселесіне түсініктеме берді. Ішкі нарық басымдық болып қалады.

Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жеткізе ме? Министрлік түсініктеме берді

Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жеткізуі мүмкін бе? Энергетика министрлігі бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Министрліктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ресей үкіметінен отын сатып алу туралы ресми өтініш әлі түскен жоқ. Алайда, егер өтініш келіп түссе, Қазақстан «өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай материалдарын жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын».

«Қазақстанның ішкі нарығын толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету – сөзсіз басымдық болып қала береді. Экспорттық жеткізілімдер азаматтар мен ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін», — делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Reuters саладағы төрт дереккөзге сүйене отырып, Қазақстан шілде-тамызда Ресейге 50 мың тонна бензинді гуманитарлық көмек ретінде жеткізуге келіскенін хабарлаған. Энергетика министрлігі ақпарат агенттігіне Ресей үкіметінен гуманитарлық көмек ретінде жанармай жеткізу туралы ресми сұраныс түспегенін айтқан.

Дегенмен министрлік Ресейдің «Татнефть» мұнай компаниясы жеткізетін нафтаны (тікелей айдалған бензинді) өңдейтін Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» зауытынан жанармай жеткізілуі мүмкін екенін жоққа шығармаған.

«Конденсат» ЖШС өндіретін автокөлік бензинін жақын арада Ресейге жеткізу мүмкіндігі Қазақстанның ішкі нарығындағы мұнай өнімдерінің жеткіліктілік деңгейіне байланысты болмақ. Мұндай жеткізілім жүзеге асырылса, автокөлік бензині Ресейдің «Татнефть» компаниясы беретін шикізаттан өндіріледі», — делінген агенттікке берілген жауапта.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АИ-95 және АИ-92 маркалы бензиндері Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» зауытынан және Павлодардағы мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілуі тиіс.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →