Сурет: kaztag.kz
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшеріне сараланған тәсіл енгізіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Бұл шара қарыз сомасының кепіл мүлкінің құнына қатынасы (LTV) коэффициентіне байланысты болады. LTV мәні 0,7-ге дейін (қоса алғанда) болғанда ЖТСМ шекті мөлшері 20%, ал 0,7-ден жоғары болғанда 25% құрайды. Бұл туралы бірлескен қаулыда айтылған.
Құжат Үкімет, Ұлттық банк және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы аясында қабылданды.
2026 жылдың 1 шілдесінен 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша шекті ЖТСМ қолданыстағы деңгейде – 25% сақталады. Бірлескен қаулы 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.
