Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар •

    Найзағай түскен: Қазақстанның төрт өңірінде орман өртенді

    Найзағай түскен: Қазақстанның төрт өңірінде орман өртенді

    Фото: видеодан скриншот

    28 маусым күні Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бес орман өрті тіркелді. Барлық өрт ошақтары дер кезінде анықталып, жедел түрде оқшауланып, толық сөндірілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

    Ведомствоның мәліметінше, бір орман өрті Ақмола облысында, тағы бірі Алматы облысында болған. Сонымен қатар екі өрт «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында тіркелсе, тағы бір өрт «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында шыққан.

    Министрлік өрт ошақтарының барлығы орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің көмегімен дер кезінде анықталғанын мәлімдеді. Орман күзетінің қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» РМК мамандары өртті жедел оқшаулап, оның кең аумаққа таралуына жол бермеген.

    Мамандардың айтуынша, орман өрттерінің басым бөлігіне найзағайдың түсуі себеп болған.

    Экология және табиғи ресурстар министрлігі өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және орманға ұқыпты қарауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →