Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады

    25 адам опат болды: Франция мен Сауд Арабиясында екі әуе апаты болды

    25 адам опат болды: Франция мен Сауд Арабиясында екі әуе апаты болды

    Фото: © istockphoto.com

    Жексенбі, 28 маусым күні екі әуе апаты болды. Францияда жеңіл моторлы ұшақ құлап, 11 адам қаза тапты. Ал Сауд Арабиясында тікұшақ апатынан 14 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы DW-ге сілтеме жасап.

    Францияның Томблен қаласында Нанси-Эссе аэродромынан ұшып шыққан жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Ол парашютпен таныстыру секірістерін орындауға арналған рейс болған. Ұшақ супермаркет маңындағы жолға құлаған.

    Жергілікті БАҚ мәліметінше, борттағы 11 адамның бәрі қаза тапты. Олардың арасында ұшқыш, бес нұсқаушы және бес клиент болған. Әзірге апаттың себебі белгісіз. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньестің келуі күтіледі.

    Сол күні Сауд Арабиясының шығысындағы Рас-Таннура қаласында ұлттық мұнай компаниясы Saudi Aramco-ға тиесілі тікұшақ құлады. SPA мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, апат салдарынан корольдіктің 14 азаматы қаза тапқан.

    Сауд Арабиясы билігі апаттың себептерін тергеуді бастады. Материал жарияланған сәтте тікұшақтың құлауына шабуыл немесе өзге де сыртқы факторлар себеп болды деген ақпарат айтылған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →