Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады

    Жамбыл облысында жүк көлігі өртеніп кетті

    Жамбыл облысында жүк көлігі өртеніп кетті

    Фото: ТЖМ

    Жамбыл облысы «Алматы–Ташкент» автожолының 560 шақырымы Нұрлыкент ауылының маңында жол-көлік оқиғасынан кейін жүк көлігі өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жуалы ауданының маңында қозғалтқыш майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, салдарынан көлік пен төгілген жанар-жағармай отқа оранды.

    Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жүк көлігі мен төгілген жанар-жағармай толық жанып жатты.

    Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт аз уақыттың ішінде түгел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →