Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар •

    Ербаян Мұхтардың отбасы әскери істі жалғастырудан бас тартты

    Ербаян Мұхтардың отбасы әскери істі жалғастырудан бас тартты

    Фото: Ашық дереккөз

    Қайтыс болған мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтардың жақындары оның әскерде ауыр жарақат алуына қатысты қозғалған істі әрі қарай тергеуді талап етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Сондай-ақ олар мәйітке қосымша сараптама жүргізуге де қарсы екенін мәлімдеді. Марқұмның ағасы Самат Мұстафиннің айтуынша, Ербаянның ата-анасы ұзаққа созылған тергеу мен күрестен кейін істі әрі қарай жалғастырмауға шешім қабылдаған. Отбасы үшін бастысы – марқұмның денесін елге әкеліп, оны лайықты түрде жерлеу.

    «Біз мәйітті қайта ашуға да, қосымша тексерулерге де келіспейміз. Біздің бар мақсатымыз – Ербаянды жер қойнына тапсыру. Оның жаны тыныштық тапсын», – деді ол.

    Бұған дейін туыстары мен Денсаулық сақтау министрлігі арасында сарбаздың өліміне қатысты түрлі пікірлер болған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәлімдемелермен келіспейтінін білдіріп, Ербаянның өліміне ауыр бас-ми жарақатының салдары мен соған байланысты дамыған асқынулар себеп болғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, науқаста көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамып, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →