Басты бет » Жүруге жарамсыз: СҚО-да 14 жыл күткен асфальт сапасыз болып шықты

Жүруге жарамсыз: СҚО-да 14 жыл күткен асфальт сапасыз болып шықты

Фото: видеодан скриншот

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданына қарасты Пресновка ауылында жаңадан салынған жолдың сапасыздығы жергілікті жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Ауыл тұрғындары бұл тасжолды дәл 14 жыл бойы зарыға күткенін айтып, сапасыз жұмысқа ашықтан-ашық наразылық білдіруде. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан төселген асфальттың кәдімгі жұқа салапшадай болып, қолмен түртсең үгітіліп жатқаны анық көрінеді.

Тұрғындардың айтуынша, жолдың асты бос, ортасы сөгіліп, жарамсыз күйге түскен. Ең сорақысы, бұл маңға жауапты шенділер мен тексерушілердің ат ізін салмайтыны халықтың ашу-ызасын тудырып отыр. Ауылдағы жаңа шіркеу мен айналасы көркейгенімен, халық күнделікті жүретін негізгі жолдың сиқы міне – осы.

Атқамінерлердің есеп беру жиындарында бәрі керемет болғанымен, іс жүзінде қарапайым халық тағы да алданып қалды. Мұндай сауатсыз жұмысқа бюджеттен қанша миллиондардың желге ұшқанын кім тексереді? Мәселені жылы жауып қоя салуға бұл жолы жол бермеу керек, халық өз құқығын талап етуді тоқтатпайды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика