Басты бет » Бір үйден үш адам қаза тапты: Алматы облысында ауыр жол апатына полиция қызметкері кінәлі

Бір үйден үш адам қаза тапты: Алматы облысында ауыр жол апатына полиция қызметкері кінәлі

Қатты соққы салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен бір отбасының екі жолаушысы – ерлі-зайыптылардың қызы оқиға орнында көз жұмды.

Қаза болған әйелдің әпкесі әлеуметтік желіде көлікте отбасының балалары мен 10 айлық немересі де болғанын айтты. Оның сөзінше, олар аман қалғанымен, көптеген жарақат пен сүйектері сынған және қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ ол екінші көлікті әскери форма киген қызметкер басқарғанын және оның мас күйде болғанын мәлімдеді. Әйел кінәлілер жауапкершіліктен құтылып кетпеуі үшін істі қоғам назарында ұстауды сұрады.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің қамауға алынғанын хабарлап, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Фото: видеодан кадр

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика