Басты бет » Ақылы жолдың азабы: Астана-Щучинск тас жолы үгітіліп кетті

Ақылы жолдың азабы: Астана-Щучинск тас жолы үгітіліп кетті

Фото: видеодан скриншот

Астана мен Щучинск арасындағы тасжолда бетон плиталар шыдас бермей, көтеріліп кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған мына видеодан жолдың қалай опырылғанын анық көруге болады. Күннің +36…+38 градусқа дейін ысуы қазақстандық жол сапасының шынайы бет-бейнесін тағы да ашып берді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бұл жағдайды «қызудан ұлғаю және қатты жабындардың пайдалану қаупі» деп ақталды.

Алайда халық жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлінетін ақылы жолдың алғашқы аптап ыстықта-ақ быт-шыты шыққанына наразы.

Қазір оқиға орнында патрульдік полиция қозғалысты шектеп, жол қызметтері жөндеу жұмыстарын бастады. Бірақ бұл уақытша жамау-жасқау мәселені түпкілікті шешпейтіні анық. Сапасыз құрылыс пен бақылаудың жоқтығы жолаушылардың өміріне тікелей қауіп төндіріп тұр. Күн ертең бұдан да қатты ысыса, жолдарымыздың не болары белгісіз.

Фото: видеодан скрин

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика