Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қызым екенін бірден сездім»: Наташа Қалымбетова 32 жылдан кейін қызымен қауышты • Жамбыл облысында оқушы аяусыз соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті • Актер Мұқан Шәкір 81 жасында дүниеден өтті • Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • «Қызым екенін бірден сездім»: Наташа Қалымбетова 32 жылдан кейін қызымен қауышты • Жамбыл облысында оқушы аяусыз соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті • Актер Мұқан Шәкір 81 жасында дүниеден өтті • Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады •

    Таразда арықтан аққан қызыл су елді шошытты

    Таразда арықтан аққан қызыл су елді шошытты

    Тараз қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде суару жүйесінен кәдімгідей қызыл түсті судың ағып жатқан видеосын таратып, дабыл қағуда.

    Бейнежазбадан арық бойымен аққан судың түсі қан-қызыл екенін анық көруге болады. Желі қолданушылары бұл сұмдықты әзілге бұрып, «борщтың сорпасы ағып жатыр ма» деп мысқылдағанымен, мәселенің артында үлкен қауіп тұруы мүмкін.

    Ең сорақысы — экологиялық па, әлде техникалық па, бұл апаттың себебі туралы құзырлы органдар әлі күнге дейін жақ ашпай отыр. Тұрғындар қоршаған ортаға және денсаулыққа зақым келе ме деп қатты алаңдаулы. Қала халқы Тараз әкімдігі мен жауапты коммуналдық қызметтерден шұғыл арада ресми түсініктеме мен нақты әрекет күтеді.

    Фото: @egovpress видеодан скрин

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →