Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды

    Кегендегі қылмыс: Алматы облысында полицейді өлтіріліп, мәйітін өртеп жіберген

    Кегендегі қылмыс: Алматы облысында полицейді өлтіріліп, мәйітін өртеп жіберген

    Алматы облысының Кеген ауданында ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды. Қаза тапқан адамның Алматы қаласы полициясының 37 жастағы қызметкері Аслан Әлсеров екені анықталды, деп хабарлады Qazaqtoday.info. 

    Ulysmedia.kz дереккөздерінің мәліметінше, мәйіт бүгін Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан шамамен 400 метр жерде, Кеген асуы маңынан табылған. Табылғаны туралы полицияға мал іздеп жүрген жергілікті шопан хабарлаған.

    Тергеу-жедел тобы марқұмның жеке басын анықтады. Аслан Әлсеров Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл қызметін атқарған. Мәйіт қатты күйіп кеткен. Оң қолының білезік тұсынан күйген арқанның қалдықтары табылған.

    Алдын ала болжам бойынша, қылмыс Алматы қаласындағы отбасының пәтерінде жасалуы мүмкін. Тергеушілердің пайымынша, кейін қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйіт Кеген ауданына жеткізілген.

    Тергеу барысында марқұмның жұбайының, полицияның бұрынғы қызметкерінің, іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оқиғаның куәгері 14 жастағы ұлы болуы мүмкін деген болжам бар.

    Бастапқыда іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергелген, алайда кейін ол неғұрлым ауыр қылмыс құрамына қайта сараланған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, дәлелдемелер жиналуда.

    Оқиғаның нақты мән-жайы ресми түрде анықталып жатыр.

    Фото: ашық дереккөз

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →