Басты бет » «Туға қыз зорлаған»: Бауыржан Ибрагимов актер Нұржан Төлендиевті түрмеден құтқару үшін ондаған мың доллар берген (ВИДЕО)

«Туға қыз зорлаған»: Бауыржан Ибрагимов актер Нұржан Төлендиевті түрмеден құтқару үшін ондаған мың доллар берген (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/ibragimov_baurzhan_official

«Бауыржан шоу» театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов «Talklike» бағдарламасында Нұржан Төлендиевке (Тука) қатысты ел арасында көп талқыланған оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Бұған дейін жұрт арасында «Ибрагимов 35 мың доллар төлеп, Туканы түрмеден алып шыққан» деген әңгіме тараған болатын.

Актер мұндай ақпаратты жоққа шығарғанымен, Туканы арашалап қалғанын растады. Оның айтуынша, өзін зорлады деп айыптаған қыздың ақша бопсалаумен айналысатынын білген.

«Мен оны қорғап алып шыққаным рас. Туканы айыптаған қыздың ақша бопсалаумен айналысатынын анықтадым. Ол соның құрбаны болды. Қызды қашып бара жатқан жерінен тоқтатып, арызын қайтарып алғыздым. Өнердегі бауырым, жақсы актер болған соң қолдау көрсеткім келді», – деді Бауыржан Ибрагимов.

Еске салайық, бірнеше жыл бұрын Нұржан Төлендиев қыз зорлады деген дауға ілініп, кейін бұл айыптауды жоққа шығарған еді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика