Басты бет » Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Фото: Павлодар облыстық ПД

Павлодар облысында көліктер соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Оқиға 19 маусымда «Омбы – Майқапшағай» автожолында болған. Тас жолда Changan және Skoda Rapid маркалы көліктері соқтығысқан. Салдарынан Skoda көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Екінші автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін бұзбауды, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде сақ болуды және көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды ескертеді», – делінген ПД хабарламасында.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика