Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Ақтөбеде педагог кәмелетке толмаған қызды зорлаған

    Ақтөбеде педагог кәмелетке толмаған қызды зорлаған

    Фото: stan.kz

    Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызды пәтеріне шақырып, кейін зорлаған ер адам 15 жылға сотталды. Оған педагогикалық лауазымда өызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанды зорлау бойынша қылмыстық іс жабық режимде қаралды.

    Сот материалдарына сүйенсек, ер адам қыз баланы пәтеріне шақырған. Алғашында екеуі өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Кейін ер адам оны жібермей, қолдарынан қысып, күштеп шешіндіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

    Прокурор сотталушыға 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Қылмыс жәбірленушінің жауаптары мен сараптама қорытындысымен дәлелін тапты.

    “Сотталушы қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1 бөлігімен кінәлі деп танылды. Кәмелетке толмаған адамды күш қолданып, дәрменсіз күйде зорлау ісі бойынша айыпталды. Сот сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды”, – делінген хабарламада.

    Сонымен қатар сотталушыға педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →