Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы тұрғыны 11-қабаттан секіріп кетті

    Алматы тұрғыны 11-қабаттан секіріп кетті

    Фото: видеодан скрин

    Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды , деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мегаполис тұрғын үй кешендерінің бірінде 37 жастағы ер адам өз пәтерінің 11-қабатынан секіріп кеткен. Оны алғаш болып тұрғын үй кешенінің күзет қызметкері байқап, дереу жедел қызметтерді шақырып, алғашқы көмек көрсетуге әрекет жасаған.

    — Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері келді. Ер адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмды, — деп хабарлады департаменттен.

    Полиция марқұмның жеке басы анықталып, оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеліп жатқанын мәлімдеді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →