Басты бет » Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарын артта қалдырды: Ұлытау өңірінде халықтың әлеуметтік-экономикалық ауқаты жақсарды

Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарын артта қалдырды: Ұлытау өңірінде халықтың әлеуметтік-экономикалық ауқаты жақсарды

Фото: qazaqtoday.info

Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебіне сәйкес, 2026 жылдың І тоқсанында Ұлытау облысындағы орташа айлық жалақы мөлшері едәуір өсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

ҰСБ есебі Ұлытау облысының жоғары жалақы деңгейін сақтап қана қоймай, табысын одан әрі өсіріп жатқанын көрсетеді. Өңірдегі номиналды жалақы индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,5%-ды құрады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен (109,1%) жоғары. Жалақы өсімінің қарқыны бойынша Ұлытау облысы мұнайлы Маңғыстау (106,2%) және Атырау (103,0%) облыстарымен қатарласа отырып, нақты табыс өсімі жөнінен бірқатар индустриялық өңірлерден озып отыр. Атап айтқанда, Ұлытау өңірі осы көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарын артта қалдырды.

Инфляцияны ескере отырып есептелген нақты жалақы деңгейі 96,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш Атырау облысындағы (91,8%) және Маңғыстау облысындағы (94,9%) деңгейден жоғары және ірі қалалардың көрсеткішіне жақын: Астанада – 98,1%,  Алматыда – 99,5%.

Ұлытау облысында жалақы еліміздегі орташа көрсеткіштен сәл жоғары қарқынмен өсіп келеді. Ал инфляцияны есепке алғанда өңір тұрғындары сатып алу қабілетін мұнайлы өңірлерлермен салыстырғанда азырақ жоғалтады және Астана, Алматы тұрғындарының деңгейінен кем түспейді.

Айта кету керек, жоғары жалақы деңгейіне – тау-кен металлургия кешені мен өңірдегі ең ірі жұмыс беруші болып табылатын «Қазақмыс» корпорациясының қызметі негізгі фактор болып тұр. Оның өндірістік жобалары мен жалақыны индекстеу саясаты Ұлытау облысына білікті мамандарды тартуға және олар үшін мұнайлы өңірлермен және мегаполистермен  бәсекелесуге мүмкіндік беріп отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика