Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады

    Солтүстік Қазақстанда 5 адам бас бостандығынан айырылды

    Солтүстік Қазақстанда 5 адам бас бостандығынан айырылды
    Фото: gov.kz

    Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтарға банк шоттарын тауып беріп, қылмыстық схемаға қатысқан 20–25 жас аралығындағы бес тұрғын сот үкімімен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер өткен жылдың шілде айында ұсталған. Жиналған материалдар олардың интернет-алаяқтықтың 31 эпизодына қатысы барын анықтаған.

    Алаяқтар шетелден қоңырау шалып, өздерін ұялы байланыс операторларының немесе банк қызметкерлерінің өкілі ретінде таныстырған. Олар азаматтарды әртүрлі сылтаумен SMS арқылы келген кодтарды айтуға көндіріп отырған.

    Кейін қылмыстық топтың өзге мүшелері жәбірленушілерді қаражаттарына қауіп төніп тұрғанына сендіріп, олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеткен және ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аудартқан.

    Бұл шоттар дроптардың атына ашылған болып шықты. Қаражат сол шоттар арқылы шетелге шығарылып отырған. Ал дроптарды іздеп тауып, оларды схемаға тартқан топ мүшелері әр транзакциядан пайыз алып отырған.

    Сот үкімімен айыпталушылар 2 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот жәбірленушілердің талаптарының бір бөлігін қанағаттандырып, сотталғандарды келтірілген залалды өтеуге міндеттеді. Бір жағдайда залал 22 млн теңгеден асқан. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →