Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енді

    Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына мүше болып енді. Бұл жетістік 35 жылдық еңбектің нәтижесі екенін айтты.

    Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енді

    Сурет: sn.kz

    Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Боксшы әлеуметтік желіде жазба жариялап, бұл жетістіктің өзі үшін ерекше мәнге ие екенін айтты. «Өздеріңіз білетіндей, осы аптада мен Халықаралық бокс даңқы залының құрамына ресми түрде енгізілдім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі ерекше сәт. Әлемдік бокстың ең ұлы тұлғаларымен бір қатарда аталу қандай маңызды екенін сөзбен жеткізу қиын», – деп жазды ол.

    Головкиннің айтуынша, бұл жетістік 35 жылдан астам уақытқа созылған табанды еңбек, тәртіп пен мақсатқа адалдықтың нәтижесі. «Осы жолдың барлығында мен үлкен белестерді бағындыра алатыныма деген сенімімді ешқашан жоғалтқан емеспін. Осы жылдар бойы маған қолдау көрсеткен барша жанға шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді ол.

    Сондай-ақ Геннадий Головкин спорт тарихына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғалардың қатарынан орын алғанын мақтан тұтатынын атап өтті. Биыл ол АҚШ-тың Канастота қаласында өткен салтанатты рәсімде Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →