Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Қайрекеңнің туған жері»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне құран оқытты

    «Қайрекеңнің туған жері»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне құран оқытты

    Фото: видеодан скрин

    Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында балаларына ата-бабасының туған жерін танытып, туған ауылға тағзым етудің маңызын сөз етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

    Журналист жұбайы Қайрекеннің туған жері – Түркістан облысындағы Қызылкөл ауылына жыл сайын балаларымен барып, ата-бабаларына Құран бағыштауды дәстүрге айналдырғанын айтты.

    «Ер баланың өз тегін біліп, ата-бабасының шыққан жерін көріп өскені өте маңызды. Оның болашағына да, адамдармен қарым-қатынасына да әсері мол. Қайрекеннің туған жері – Қызылкөл. Балалық шағы өткен, әр тасы мен сүрлеуі таныс шағын ауыл. Бүгінде онда жүзден сәл ғана аса шаңырақ бар. Жыл сайын осы ауылға ұлдарды ертіп барып, Қайрекеннің ата-бабаларына, жақындарына Құран бағыштауды дәстүрге айналдырғанбыз. Биыл да қонақасы беріп, волейболдан турнир ұйымдастырып, ас беріп қайттық», – деп жазды ол.

    Тележүргізуші туған жерден алыстаса да, адам өзінің тамырын ұмытпауы керек екенін айтып, өткендерді еске алып, аруақтарға дұға бағыштауға шақырды.

    «Біз ауылдан кеткенімізбен, ауыл бізден кеткен емес. Тамырыңды ұмытпау, өткендерді түгендеу, аруақтарға дұға бағыштау – кейінге қалдыра беретін дүние емес. Өткендерді түгендеңіздер, аруақтарды разы қылыңыздар. Ертең кеш болып қалмасын», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →