Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті •

    «Психикалық орталыққа жатқызбаңыздар…»: Сотта Ақбаян Мұқанғалиеваның жауабы жарияланды (ВИДЕО)

    «Психикалық орталыққа жатқызбаңыздар…»: Сотта Ақбаян Мұқанғалиеваның жауабы жарияланды (ВИДЕО)

    Атырау облысында қайын жұртының төрт адамын өлтірді деп айыпталып жатқан Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында жаңа бейнематериалдар қаралды. Кезекті сот отырысында Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеу кезіндегі жауабы жария етілді, деп хабарлайды Turkystan.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Сот мәліметінше, ол психоневрологиялық диспансердің ақпараттық жүйесінде есепте тұрған және қазір психиатриялық мекемеде ем қабылдап жатыр.

    Жауап алу кезінде әйел отбасы, денсаулығы туралы сұрақтарға жауап берген.

    «Мен басымды тексертіп, ем алдым. Түркияда күйеуім уақытша жұмыс істеді. Біз қонақүйде тұрдық. Мен көбіне ұйықтап жаттым. Телефоным болған жоқ, оны Сұлтан алып алған. Полиция мені және күйеуімді не үшін ұстағанын білмеймін. Менің ешқандай психикалық ауруым жоқ, мені психикалық орталыққа жатқызбаңыздар», – деп жауап берген деді судья.

    Бейнежазбаға сәйкес, Мұқанғалиева кей сұрақтарға нақты жауап бере алмаған және шаршағанын айтып, жекелеген сауалдарға жауап беруден бас тартқан. Кейін оған арнайы ем қабылдау ұсынылғаны айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →