Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды •

    Тарихта алғаш рет: Әлем чемпионатының ашылу матчында үш футболшы алаңнан қуылды

    Тарихта алғаш рет: Әлем чемпионатының ашылу матчында үш футболшы алаңнан қуылды

    Фото: Report

    Мехикодағы Ацтека аренасында өткен Мексика мен ОАР құрамалары арасындағы әлем чемпионатының ашылу матчы тарихқа енді. Кездесуде бас төреші бірден үш қызыл қағаз көрсетіп, әлем чемпионаттарының ашылу ойындары үшін жаңа рекорд орнатт, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ойынның 49-минутында бразилиялық төреші Вилтон Сампайо соңғы үміт ережесін бұзғаны үшін ОАР жартылай қорғаушысы Сфифело Ситхоулуды алаңнан қуды. Артынша VAR көмегімен эпизодты қайта қарап шыққан төреші дөрекі ойыны үшін оңтүстікафрикалық Темба Званеге де қызыл қағаз көрсетті.

    Ал матчтың қосымша уақытында, нақтырақ айтқанда 90+2-минутта, гол соғудың айқын мүмкіндігін тоқтатқан Мексика құрамасының капитаны Сесар Монтес те қызыл қағаз алып, ойыннан шеттетілді.

    Осылайша әлем чемпионатының ашылу матчтарында алғаш рет үш футболшы алаңнан қуылды. Бұған дейінгі рекорд 1990 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында тіркелген болатын. Сол кезде Аргентина мен Камерун арасындағы ашылу кездесуінде екі ойыншы қызыл қағаз алған еді.

    Айта кетейік, өткен түні футболдан 23-ші әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →