Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды •

    Теміртауда 33 жастағы ер адамды танысы пышақтап, өлтіріп кетті

    Теміртауда 33 жастағы ер адамды танысы пышақтап, өлтіріп кетті

    Фото: istockphoto.com

    Теміртауда көпқабатты үйлердің бірінде болған кісі өлімі тергеліп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Qazaqtoday.info агенттігі Ekaraganda.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Полицияның мәліметінше, Теміртау қаласының 33 жастағы тұрғынының пәтерінде отырған үш таныстың арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан олардың бірі пәтер иесіне пышақ сұғып алған. Алған жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

    Сонымен қатар тағы бір ер адам жарақат алды. Ол жедел жәрдем көлігімен медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

    Басылымның дерегіне сүйенсек, аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →