Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    «Халық табысының жартысынан көбі азық-түлікке кетеді» деген пікірмен келіспеймін — вице-министр

    «Халық табысының жартысынан көбі азық-түлікке кетеді» деген пікірмен келіспеймін — вице-министр

    Фото: Pixabay

    Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин журналистің «халық жалақысының жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады» деген тұжырымына келіспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл пікір қолда бар статистикалық деректермен толық сәйкес келе бермейді, деп жазады Qazaqtoday.info порталы.

    Вице-министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикасы мен инфляция көрсеткіштеріне тоқталды. Оның дерегінше, өткен жылдың қыркүйегінде инфляция 12,6 пайыз деңгейіне жетсе, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 10,6 пайызға дейін төмендеген.

    Азамат Әмрин бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралардың нәтижесі байқалып жатқанын атап өтіп, мамыр айының қорытындысы бойынша инфляцияның одан әрі төмендеуі күтілетінін айтты.

    Осылайша, вице-министр халық шығынына қатысты «табыстың жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады» деген пікірді асыра айтылған деп бағалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →