Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады Ұлытау облысының әкімі «Қазақмыс» Тобының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысты Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының зираты туралы ақпарат тарады Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады Ұлытау облысының әкімі «Қазақмыс» Тобының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысты Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының зираты туралы ақпарат тарады Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді

    «Ішкен-жегенімді құсып тастадым»: Гүлзира Айдарбекова денсаулығын емдету үшін Ташкент асып кетті

    «Ішкен-жегенімді құсып тастадым»: Гүлзира Айдарбекова денсаулығын емдету үшін Ташкент асып кетті

    Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Гүлзира Айдарбекова Ташкенттегі шипажайда 11 күн ем қабылдағанын айтты Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Ташкенттегі шипажайда ем алып қайтқанын айтып, алған әсерімен бөлісті, — деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оның сөзінше, бастапқыда бес күнге ғана барғанымен, емнің нәтижесіне риза болып, 11 күн жатып қайтқан.

    “Бекзада құдағиым, Аслан сіңлім үшеуіміз шипа жайында 5 күн ем аламыз деп барып, ұнағаны соншалық 11 күн жатып қайттық. Негізгі баруымның себебі: құрбымның өлімін естігенде бір сәтте асқазаным ауырып бастап кетті. Ташкентке құдаларыммен барғанымда, қанша білдірмеймін десем де ішкен-жегендерімді құсып тастап, мазам қаша беріп, бәрін уайымға салып қойдым. Сол қиындықтан өттім осы ем арқылы”.

    Айдарбекова шипажайдағы емдеу тәсілдері мен қызметкерлердің жұмысына да жоғары баға берді.

    “Таңғы смузиден кейін ине салады, одан кейін 90 минут массаж әр адамға, банкі қойып, парафинотерапия жасап, бұршақ қойып қара тердің бәрін шығарып, денедегі бүкіл суықты шығарып, түскі астан кейін система, уколдарымызды салып, сүлікке дейін қойып, өз моншаларын жағып, пилингке дейін әр адамға жасап жаныңызды рахаттандырады. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Ауырмасаңыздар да барып, алдын алыңыздар! Жаңа туған баладай сезім осы жерде”, – деп жазды продюсер.

    Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың жазбасына пікір қалдырып, денсаулығына тілектестік білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →