Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Айдос Үкібай: Нұрсұлтан Назарбаев «Аманат» партиясының мүшесі емес

    Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев «Аманат» партиясының мүшесі емес және саясатпен айналыспайды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

    Айдос Үкібай: Нұрсұлтан Назарбаев «Аманат» партиясының мүшесі емес

    Сурет: tizgin.kz

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі негізін қалаған «Аманат» партиясының мүшесі болып табылмайды және қазіргі уақытта саясатпен айналыспайды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Баспасөз хатшысының сөзінше, экс-президенттің билеуші партияның қызметінде болып жатқан өзгерістерге еш қатысы жоқ. Айдос Үкібай «Азаттық» радиосының сауалына жауап бере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін 2019 жылы тоқтатқанын және қазір зейнетте екенін еске салды.

    Еске сала кетейік, Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президенттік қызметінен кеткен болатын. Алайда ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және сол кездегі «Nur Otan» (қазіргі «Аманат») партиясының көшбасшысы лауазымдарын 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына дейін сақтап келген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →