Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады

    «Қазақмыстың қамқорлығы»: Шу ауданында заманауи спорт кешені салынып, қолданысқа берілді

    «Қазақмыстың қамқорлығы»: Шу ауданында заманауи спорт кешені салынып, қолданысқа берілді
    Фото: Қазақмыс

    Шу ауданының Көкқайнар ауылында күреспен боксқа арналған заманауи спорт залының құрылысы аяқталды. Бұқаралық спортты дамытуға және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған бұл әлеуметтік жоба «Қазақмыс» Тобының әлеуметтік әріптестік жөніндегі меморандумы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жалпы ауданы 481,6 м² құрайтын жаңа бір қабатты спорт кешені тәрбиеленушілерді қабылдауға дайын. Нысан қауіпсіздік стандарттарына сай жобаланды және бір ауысымда 30-ға жуық бала мен жасөспірімнің жаттығуына мүмкіндік береді. Күрес пен бокс залдарының әрқайсында бір мезетте 15 адамға дейін жаттыға алады.

    Кешеннің ішкі кеңістігі барынша ыңғайлы ұйымдастырылған. Мұнда арнайы жаттығу аймақтары, ыңғайлы киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер, санитарлық торап және жаттықтырушыларға арналған кабинет қарастырылған. Іргелес аумақта келушілер үшін арнайы автотұрақ, ал ғимараттың жанында таза ауада спортпен шұғылдануға арналған алаң жасалды.

    Жобаны іске асыруға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 268,5 млн теңгені құрады. Ауылдық аумақта заманауи нысанның пайда болуы сапалы спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттырды. Жаңа кешен ауыл жастарына қолайлы жағдайда жаттығуға, жарыс өткізуге мүмкіндік береді және ауылдан шықпай-ақ болашақ спортшыларды даярлауға берік негіз қалыптастырады.

    Жобаны қолдау «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындары орналасқан өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →