Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,6 541,2 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанадағы LRT жүйесіне жаңа атау берілді

    Астанадағы LRT жүйесіне жаңа атау берілді

    Фото: CTS
    Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің атауын «Тарлан Астана» деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бастаманы ономастикалық комиссия бірауыздан қолдады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.

    Астана қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Досжан Исабек жеңіл рельсті көлік жүйесі енді «Тарлан Астана» деп аталатынын мәлімдеді.

    Оның айтуынша, жаңа атауды елорда тұрғындары, қоғамдық ұйымдар және Қазақстан Жазушылар одағының жергілікті филиалы ұсынған. Олар LRT аббревиатурасы күнделікті қолданыста мазмұндық мән бермейтінін айтып, ұлттық сипаттағы атау беру қажеттігін көтерген.

    Талқылау барысында «Сұңқар», «Лашын», «Құлан» және «Аспан» сияқты нұсқалар қарастырылған. Нәтижесінде жылдамдықтың, қуаттың және сенімділіктің символы саналатын «Тарлан» атауына таңдау жасалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →