Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    «Үш отбасыға үй сыйладым»: Жахан Отарғалиев жақсы істерін тізіп шықты

    «Үш отбасыға үй сыйладым»: Жахан Отарғалиев жақсы істерін тізіп шықты

    Фото: видеодан скрин

    Қазақстандық актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында 41 жасқа толған шағында өміріне есеп беріп, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Өнер иесі туған күні қарсаңында өткен өміріне көз жүгіртіп, өзіне маңызды сұрақтар қойғанын айтты.

    «41 жасқа келіппін… Жаңа отырып өзіме осы уақытқа дейін не істедім? Артымда не қалды? Кімге пайдам тиді? деп өзіме сұрақ қойдым. Ойлана келе, Алланың қалауымен көпбалалы отбасыларға 3 үй сыйлаппын. Бәлкім, бүгін көріп жүрген жақсылықтарым мен тыныштығым, сол жандардың шынайы дұғасының жемісі шығар», – деп жазды актер.

    Сондай-ақ актер адам өміріндегі ең үлкен мұра байлық емес, жасаған игі ісі екенін атап өтті.

    «Бір түсінгенім, адамның артында қалған ең үлкен із жиған дүниесі емес, жасаған жақсылығы екен. Өйткені, бұл өмірде жасаған жақсылық ешқашан жоғалмайды. Ол бір күні өзіңе жақсылық болып қайтады», – деп түйіндеді Жахан Отарғалиев.

    Желі қолданушылары актердің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, туған күнімен құттықтап, жасаған қайырымды істеріне ризашылықтарын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →