Көлік те, жүйке де шыдамады: Қарағандылықтар шұңқыр жол үшін әкімдікті сотқа бермек

Фото: видеодан скрин

Қарағандыдағы Гудермес көшесінің сиқы мынау — жол емес, кәдімгі мина алаңы. Күн сайын осы жермен өтетін жүргізушілердің көлігі де қирады, шыдамы да таусылды. Салықты уақытылы төлеп отырған халық неге өз ақшасына темір-терсегін жөндетіп, шенеуніктердің салғырттығынан зардап шегуі керек?

Жұрттың ендігі ашуы заңды: «Атқамінерлерді сотқа сүйреп, моральдық шығын өндіру керек» деп отыр. 102 шақырып, хаттама толтырып, әкімдіктің былығын заңмен дәлелдейтін уақыт жетті. Жолдың ақшасын қалтаға басқандар жауап бермейінше, бұл масқара тоқтамайды. Бұл жолы халық жай ғана әлеуметтік желіде шулап қоя салмасы анық.

Видео: @denski_blog

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика