Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды •

    Таразда жаяу жүргінші жолағы атымен жоқ па?

    Тараз қаласының Әл-Фараби көшесіндегі №30 балабақшаның маңы бүгінде ата-аналар мен бүлдіршіндер үшін нағыз «аман қалу жарысына» айналғандай. Жол жиегінде «зебра» сызылып, арнайы белгілер мен жарықдиодты шамдар жарқырап тұрса да, жүйткіген жүргізушілер бұған пысқырып та қарамайды. «Көліктер құдды бір ұшып өтеді, жаяу жүргіншілер жолағына шықсаң да, тоқтайтын ешкім жоқ», – деп ашынады жергілікті тұрғындар. күн сайын таңертең және кешке осы жолдан кішкентай балаларын жетектеп өтетін ата-аналар әр қадамын қорқынышпен басуға мәжбүр.

    Осы мәселеге жергілікті полиция қызметі шұғыл араласып, нақты шара қолданбаса, арты үлкен қасіретке әкелуі әбден мүмкін. Тұрғындар бұл жерге қосымша жылдамдық шектегіштер (жасанды бұдырлар) орнатуды немесе полиция бақылауын күшейтуді талап етіп отыр. Көз жұмып қарап отыратын жағдай емес, өйткені гәп балаларымыздың қауіпсіздігі мен өмірінде болып тұр. Жауапты органдар әлі жауап бермеді

    Видео: @taraznewsmedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →