Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды •

    «Balapan» телеарнасының продюсері зорлады: ІІМ тергеудің барысын айтты

    «Balapan» телеарнасының продюсері зорлады: ІІМ тергеудің барысын айтты

    Фото: Полизия.кз

    Әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырған «Balapan» телеарнасының жобаларына қатысы бар делінген азаматтың үстінен түскен педофилия айыбына байланысты Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша қарқынды түрде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста отыр.

    «Өздеріңіз білетіндей, бұл — жыныстық тиіспеушілік саласына қатысты өте нәзік мәселе. Сондықтан, бұл қылмыстық істің егжей-тегжейін жариялауға рұқсат бермей, осымен шектелсек деген ойдамын», — деді Санжар Әділов журналистердің сұрағына берген жауабында.

    Сондай-ақ, министрліктің өкілі желіде видеоүндеу жолдаған азаматтың барлық уәждері мен келтірген деректері толық көлемде тексерілетінін және оларға іс жүргізу тұрғысынан құқықтық баға берілетінін жеткізді. Алайда, іс бойынша әлі ешкім ресми түрде айыпталып, қамауға алынбаған.

    «Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл қылмыстық іс бойынша әлі ешкім ресми түрде күдікті деп танылған жоқ, қазір тек тергеу әрекеттері атқарылуда», — деп нақтылады вице-министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →