Бішімбаев пен Мәсімовке рақымшылық жасала ма? ІІМ ресми жауап берді

Бішімбаев пен Мәсімовке рақымшылық жасала ма? ІІМ ресми жауап берді

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов қоғамда резонанс тудырған істер бойынша сотталған Қуандық Бішімбаев, Кәрім Мәсімов және Перизат Қайрат секілді тұлғаларға қатысты рақымшылық жасалу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Мәжіліс кулуарында журналистер вице-министрден аталған тұлғалардың алдағы уақытта жариялануы мүмкін амнистияға ілінетін-ілінбейтінін сұраған болатын. Санжар Әділов өз жауабында рақымшылық туралы заң жобасында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға жеңілдіктер қарастырылмайтынын атап өтті.

Бұл нормаға сәйкес, мемлекетке опасыздық жасау, аса қатыгездікпен адам өлтіру секілді баптар бойынша сотталғандар рақымшылыққа жатпайды. Демек, Кәрім Мәсімов пен Қуандық Бішімбаев секілді ауыр қылмыс жасағандар бұл заң аясында босатылмайды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика