Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалында вандализм жасалды • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалында вандализм жасалды • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады •

    Рүстем Жаныаманов пен әйелінің марқұм ұлы туралы айтқан сұхбаты тарады (ВИДЕО)

    Рүстем Жаныаманов пен әйелінің марқұм ұлы туралы айтқан сұхбаты тарады (ВИДЕО)

    Фото: әлеуметтік желі

    Журналист Анна Данченко тұңғышынан айырылған Рүстем Жаныамановтан алған сұхбатын бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Екі жыл бұрын берген сұхбатында жұлдызды жұп ұлдарын емдеп алғанын айтқан.

    «Біздің қолымыздан келді. Көп профессорға апардық, мықты дәрігерлер барына көзіміз жетті. Айналамыздағылар бізге жол сілтеді. Солай көп ізденіп, нәтижеге жеттік. Отбасылар осындай жағдайда ажырасып кетеді екен. Әкелер жауапкершілікті әйелге ысырады. Бұл — сатқындық. Біз сынған жоқпыз. Бұл дертті жеңеміз деп сөз бердік. Баламыздың ауруын емдедік. Әуелі Алла, әрекет бізден. 5-6 жыл бойы осы дертпен күрестік. Түбінде махаббатымыз жеңіп, түбегейлі дертті жоқ қылдық», — деді Рүстем.

    Ал актердің әйелі болса, аталмыш дертке алғыс айтқан.

    «Ешкімді айыптамаймыз. Басында мұрны қанай бастады. Оған көбі мән бермейді. Бәрінде солай болады ғой деп жүре бердік. Ал ол кезде балабақшағаға да беруге болмайды екен. Біз қате істеп, асқындырып алдық. Бірақ сол дертке рақмет айтқым келеді. Үлкен рухани даму болды, көп іздендік. Екеуміз де эгоист едік, қазір есейдік», — деп айтты актердің әйелі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →