Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды •

    Павлодарлық құтқарушылар Ертістен ер мен әйелдің денесін алып шықты

    Павлодарлық құтқарушылар Ертістен ер мен әйелдің денесін алып шықты

    Фото: freepik

    Павлодар облысында су айдындары маңында жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусым күні Ертіс ауданында, Ертіс ауылы маңындағы Ертіс өзенінің бір саласының жағалауынан құтқарушылар 1990 жылы туған әйелдің мәйітін судан алып шықты. Әйел 18 мамыр күні белгісіз жағдайларда суға батып кеткен.

    Сол күні Павлодар қаласында Ертіс өзенінен ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1990 жылы туған, Ресей Федерациясының азаматы болған ер адамның мәйітін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 28 мамыр күні суға түсіп, батып кеткен.

    Ведомствоның мәліметінше, екі жағдайда да қаза болғандардың денелерін оқиға куәгерлері тауып, кейін бұл туралы құтқару қызметтеріне хабарлаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →