Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

«Кіші бизнес соққы астында»: Азат Перуашев экологиялық тексерістердің жаңа қаупін айтты

«Кіші бизнес соққы астында»: Азат Перуашев экологиялық тексерістердің жаңа қаупін айтты

Фото: akzhol.kz

Парламент қабырғасында экологиялық бақылау мәселесіне қатысты кезекті қызу талқылау өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев монополистер мен ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластауына қарсы күресті қолдайтынын білдіре отырып, ұсынылған жаңа түзетулердің астарында үлкен қауіп барын мәлімдеді.

Депутаттың сөзінше, заң жобасын бастамашылар бұл өзгерістер тек ірі алпауыттарға ғана қатысты деп сендіргенімен, іс жүзінде жағдай мүлдем басқаша болып тұр.

«Олар біз шағын және орта бизнесті мазаламаймыз, тек ірі кәсіпорындар туралы айтып отырмыз дейді. Бірақ олар енгізген және соңына дейін қорғап баққан түзетуде шағын, орта немесе ірі бизнес деп бөліп жару атымен жоқ. Ол жаппай бәріне қатысты», — деп ашынды депутат.

Бақылаусыз тексеріс дәуірі туа ма?

Перуашевтың айтуынша, бұл түзету қабылданса, экологияға қатысты кез келген тексеріс Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген ортақ тәртіп пен ережелердің шеңберінен шығып кетпек. Бұл кәсіпкерлерді қорғайтын заңдық сүзгілердің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.
Ең сорақысы, бұл ережеден еліміздегі ең кішкентай бизнес өкілдері де айналып өте алмайды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →