Сот отырысына әзірге жәбірленуші тараптың қорғаушылары Мейірман Шекеев пен Олег Чернов келді. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Фото: Әлеуметтік желі