Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

«Адам өмірі маңызды ма, әлде бизнестің пайдасы ма?»: Жаңбыршин экологиялық тексерістерге сын айтты

«Адам өмірі маңызды ма, әлде бизнестің пайдасы ма?»: Жаңбыршин экологиялық тексерістерге сын айтты

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты экологиялық тексерістерге қатысты айтылған сынға шұғыл әрі қатаң жауап қайтарды. Парламент Мәжілісінде экологиялық тексерістерге қатысты түзетулер төңірегіндегі пікірталас әлі де жалғасуда. Депутат Еділ Жаңбыршин әріптестерінің қауіпті өндірістік нысандарды бақылауды күшейтуге қатысты сын-ескертпелеріне жауап берді

Оның айтуынша, түзетулерді талқылау кезінде ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың конституциялық басымдығын негізге алу қажет.

«Конституцияда адамның өмірі мен құқықтары ең жоғары құндылық екені тайға таңба басқандай анық жазылған. Президент те қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың өмірі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету туралы үнемі айтып келеді. Бұл мәселе Конституцияның кіріспесінде де көрініс тапқан», — деді Жаңбыршин.

Ол экологиялық нормалар мен технологияларды қатаң сақтайтын адал бизнестің ешқандай қиындыққа тап болмайтынын қадап айтты.

«Егер құс фабрикасы, шошқа фермасы немесе кез келген өзге өндіріс орны дұрыс жұмыс істеп, заңды сақтаса және қоршаған ортаны ластамаса — оларға ешқандай сұрақ туындамайды», — деді депутат.

Жаңбыршин түзетулерді сынаушылар ұсынылып отырған нормаларды бұрмалап, қате түсіндіріп жатқанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, тексеру тәртібі заңда нақты көрсетілген, сондай-ақ кез келген жағдайда прокуратура органдары алдын ала құлағдар етіледі.

Депутат мұнай өңдеу және химия кәсіпорындарында орын алуы мүмкін ықтимал апатты жағдайларды мысалға келтірді:

«Егер ертең Атырау мұнай өңдеу зауытынан күкіртсутек бөлініп, ауаға тарай бастаса, біз үш күн бойы күтіп отыруымыз керек пе? Немесе түнде Маңғыстауда азот немесе басқа да улы газдар бөлініп шықса, рұқсат сұрап уақыт жоғалтамыз ба? Демалыс немесе мереке күндері не істемекпіз?» — деп мәселені төтесінен қойды ол

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →