Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ташкентте 18 қазақстандық ауруханаға түсті: елшілік мәліметі • Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • Ташкентте 18 қазақстандық ауруханаға түсті: елшілік мәліметі • Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады •

    «Ұстаздардың ықпалымен..»: Айгүл Иманбаева бір кездері діни сектаға кіріп, адасқанын айтты ( ВИДЕО)

    «Ұстаздардың ықпалымен..»: Айгүл Иманбаева бір кездері діни сектаға кіріп, адасқанын айтты ( ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Танымал әнші Айгүл Иманбаева ел естімеген сырларын айтып, көпшілік білмейтін құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Өнер иесі 2000 жылдары хиджаб киіп, теріс ағымға кіріп кете жаздағанын жеткізді. Бұл туралы әнші журналист Назира Байырбековаға берген сұхбатында айтты. Әнші діни сенім мен орамалға келу кезеңіндегі қиындықтармен бөлісті.

    «Бірақ өзіңді танып барып, Ислам дініне деген үлкен махаббатпен, құрметпен тереңінен сезініп барып, түбегейлі сопы болып кетпесек те махаббатпен тағылған орамалдың қадірі бөлек болады. Ал менікі олай болмады. 2000-2001 жылдары орамал тақпақ түгілі ол кезде қазекеңнің 100 грамнан қолы тимей жатқан кезі болатын. Діни ағымның түр-түрі Қазақстанға лек-легімен кіріп жатқан кезі болатын. Мен сондай уақытта келдім. Бір ағыммен кірдім. Кейін оның топ екенін, ағым екенін түсіндім. Біраз ұстаздарымыздың ықпалымен мен ол ортадан шықтым. Мен сол кезде ойладым: «Мен өзімнің Жаратушымды тануым үшін дәл солай тұмшалануым қажет пе? Мен түк білмеймін ғой. Мен өзімді де білмеймін ғой. Мен имамдарға қарағанда ғалымдардан, теологтардан білім алғанды жөн деп санаймын. Бірақ түптің түбінде менің орамалға келерім анық», – деді Айгүл Иманбаева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →