Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды

    Елімізде ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ қолға түсті

    Елімізде ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ қолға түсті

    Фото: polisia.kz

    Қазақстанда полиция қызметкерлері жыл басынан бері телефон ұрлығына қатысты 900-ден астам қылмысты ашты. 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолы кесілді.  Жалпы Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығының саны азайып келеді. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40%-ға төмендеген.

    Ұрланған техниканы өткізетін орындарға ерекше назар аударылуда. Мысалы, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталды. Одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді.  ІІМ еске салады: ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →