Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды •

    Алматыда жоғалған жігітке қатысты жаңа дерек шықты

    Алматыда жоғалған жігітке қатысты жаңа дерек шықты

    Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбайдың жұмбақ жағдайда жоғалып кетуіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы  «КТК-ға» сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақпаратқа сәйкес, жас жігіт құрылыс нысанында геодезистің көмекшісі болып жұмыс істеген. Жұбайының сөзінше, оның әріптестерімен де, отбасымен де ешқандай келіспеушілігі болмаған.

    19 мамыр, сейсенбі күні Ерзат әдеттегідей жұмысқа кеткен. Алайда сол күні үйіне оралмаған. Туыстарының айтуынша, күндізгі сағат 14:00 шамасында ол бастығынан дүкенге барып келуге сұранған. Бірақ кейін автобусқа отырып, Еңбекшіқазақ ауданындағы Космос ауылына қарай кеткені белгілі болды.

    Дәл осы ауыл маңында оның телефоны соңғы рет желіге қосылған. Қазір ұялы телефоны сөндірулі.

    Ерзаттың жарының айтуынша, ол бұрын-соңды ескертусіз үйден кетпеген. Ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, есепте тұрмайды. Қазір жоғалған ер адамды туыстары, еріктілер мен полиция іздеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →