Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы «Димаш ән салған той»: Танымал блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады (ВИДЕО) Жер сілкінісі кезінде баспана қираса, шығынды кім өтейді: сақтандыру ма, мемлекет көмегі ме? «Қатты ұяламын»: Ернар Айдар алғашқы концерті туралы сырын ашты (ВИДЕО) Жітіқарадағы дала өрті оқшауланды Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы «Димаш ән салған той»: Танымал блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады (ВИДЕО) Жер сілкінісі кезінде баспана қираса, шығынды кім өтейді: сақтандыру ма, мемлекет көмегі ме? «Қатты ұяламын»: Ернар Айдар алғашқы концерті туралы сырын ашты (ВИДЕО) Жітіқарадағы дала өрті оқшауланды

    Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды

    Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды

    Астанада екі тұрғын үй кешенінің заңсыз салынып жатқаны анықталды, деп хабарлайды qazaqtoday.info ақпарат порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

    Прокуратура мәліметінше, құрылыс компаниялары қажетті рұқсат құжаттарынсыз, сараптама қорытындысынсыз және құрылыс жұмыстарын бастау туралы хабарлама бермей құрылыс жүргізген.

    Нұра аудандық прокуратурасы Сәулет басқармасымен, «Астана Бас жоспары» ЖШС-мен және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен бірлесіп, елордадағы құрылыс нысандарында тексеру жүргізген.

    Шыңғыс Айтматов көшесіндегі 24/8 учаскесінің маңында кіріктірілген нысандары мен паркингі бар көпқабатты тұрғын үй кешені оң сараптама қорытындысынсыз және құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы хабарламасыз салынып жатқаны анықталған.

    Тағы бір нысан Шыңғыс Айтматов көшесі мен Е164 көшесінің қиылысынан табылған. Онда кіріктірілген нысандары, медициналық орталығы және паркингі бар тұрғын үй кешені жер учаскесіне құқық беретін құжатсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, құрылыс жұмыстарын бастау туралы хабарламасыз және сараптама қорытындысынсыз салынып жатқан.

    Прокуратура кейбір құрылыс компанияларына бұған дейін де жұмысты тоқтату туралы ескерту берілгенін, алайда олар заң талаптарын елемегенін атап өтті.

    Қадағалау органы алдағы уақытта да қала құрылысы саласын бақылауды жалғастыратынын айтып, құрылыс заңнамасын бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →