Қарағанды облысында 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі 8 жастағы қызды қағып кетті

Фото: pixabay

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісі сегіз жастағы қызды қағып, көз жұмды, деп хабарлайды qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға Көкпекті станциясы маңында, жергілікті тұрғындар «Солоничка» деп атайтын аумақта болған. Куәгерлердің айтуынша, 8 жастағы қыз жол жиегінде тұрған кезде мотоцикл оны қағып кеткен. Жүргізушінің  кәмелетке толмаған 17 жастағы жасөспірім екені анықталды.

Апат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмған. Ал мотоцикл тізгіндеген жасөспірім де жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу басталды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың мотоцикл басқаруына жол берген ата-анасына қатысты да заң аясында жауапкершілік қарастырылып жатыр.

Құқық қорғау органдары ата-аналарға балаларға мотокөлік басқаруға рұқсат бермеу керектігін ескертіп, мұндай жағдайлардың ауыр салдарға әкелетінін атап өтті.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика