Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды •

    Мемлекет басшысы: Мақсатымыз – Түркістанды төрткүл дүниеге таныту

    Мемлекет басшысы: Мақсатымыз – Түркістанды төрткүл дүниеге таныту

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бүгінде Түркістан көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһарға айналып үлгерген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    – Аймақтың экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді.

    Былтыр облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсті, оның көлемі 10 миллиард доллардан асты. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды.

    Алқалы жиынды осында өткізудің мақсаты – атажұртта бауырлас елдердің көшбасшыларымен жүздесу, қайта түлеген Түркістанды төрткүл дүниеге таныту.

    Біз киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын боларына нық сеніммен қараймыз.

    Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгін Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа зәулім мешіт ашылғанын үлкен ризашылықпен атап өткім келеді.

    Ерекше тарту жасағаны үшін Өзбекстан Президенті, аса қадірлі Шавкат Миромонұлы Мирзиёевке және өзбек халқына алғысымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

    Президент пікірінше, түркі елдерінің руханиятындағы осы мешіттің орны ерекше болады. Себебі, бұл қазақ-өзбек халықтары ынтымағының тарихи символы саналады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →