Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО)

    30 жылда оңалмаған: Ақтөбеліктер жол азабын тартып жүр

    30 жылда оңалмаған: Ақтөбеліктер жол азабын тартып жүр

    Фото: kaz.tengrinews.kz

    Ақтөбе облысындағы «Изімбет-Эмба» бағытындағы жолдың сиқы бүгін әлеуметтік желіні шарлап кетті. Отыз жылда оңалмаған жолдың жайы енді шыдамның шегіне жеткенін көрсетіп тұр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Халықтың айтуынша, бұл жерде қазір жол деген атымен жоқ, тек батпақ пен шұңқыр ғана қалған. Тіпті тау-тасты кезіп жүретін жол талғамайтын көліктердің өзі бұл аймақта дәрменсіз. Жеңіл көлік мінген ағайынның жағдайын айтудың өзі артық, олар үшін бұл нағыз «азап жолына» айналған.

    Бұл мәселенің көтерілгені бірінші рет емес, бірақ нәтиже әлі де сол баяғы жартас – сол жартас. Ел биліктен құрғақ уәде емес, нақты іс пен сапалы асфальт күтіп шаршады. Көліктің қосалқы бөлшектеріне кететін шығын халықтың қалтасын әбден қақты. Шенеуніктер жылы кабинетте отырғанда, қарапайым жұрт қара жолдың бойында көлігін сүйреп әлек. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, ауыл мен қала арасындағы қатынас мүлдем үзілуі мүмкін. Халықтың ашу-ызасы мен жанайқайына құлақ асатын жан бар ма?

    Ақпарат: @aktobe_zello

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →