Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

    Шаолинь монастыры: қазақ блогері өмірін қалай өзгерткенін айтты

    Қазақстандық блогер Медет Жанатұлы Қытайдағы Шаолинь монастырында бір ай кунг-фу үйреніп, рухани тұрғыда жаңарғанын айтты. Ол қатаң тәртіп пен жаттығулар жайлы бөлісті.

    Шаолинь монастыры: қазақ блогері өмірін қалай өзгерткенін айтты

    Сурет: sn.kz

    Қазақстандық блогер Медет Жанатұлы Қытайда орналасқан әйгілі Шаолинь монастырында бір айға жуық уақыт болып, кунг-фу өнерін меңгерді. Ол өзінің бұл тәжірибесі туралы әлеуметтік желіде бөлісіп, жайлы өмірден уақытша бас тарту арқылы өзін-өзі тануға мүмкіндік алғанын жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Блогердің айтуынша, монастырьдағы күн тәртібі өте қатаң болған. Ол күн сайын таңғы сағат 06:00-де оянып, күніне үш рет жаттығу жасап, кешкі 22:00-де ұйқыға кеткен. Осындай тәртіптің нәтижесінде Медет Жанатұлы үш аптаның ішінде 7 келі салмақ тастап, физикалық тұрғыда шыныққан.

    Алайда бұл сапар оған тек дене шынықтыру жағынан ғана емес, рухани тұрғыдан да зор әсер еткен. «Мұнда мен күштің агрессияда емес екенін түсіндім. Нағыз күш – сабырда», – дейді ол. Медеттің сөзінше, шифулар (ұстаздар) алдымен адамның өз қорқынышын, еріншектігі мен эгосын жеңуі керегін үйреткен. Монастырьдағы өмір тәртіп, медитация және өзін-өзі бақылау қағидаларына негізделген.

    Сонымен қатар, блогер Шаолиньда әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен танысып, ортақ мақсаттағы «кунг-фу отбасын» тапқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл сапар оның өміріндегі ерекше кезең болып, өзін-өзі қайта тануға және ішкі күшін сезінуге жол ашқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →