Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО)

    «Өзімді қазақ санаймын»: Салим Айлазов қазақ тілін насихаттағаны үшін айтылған сынға жауап берді

    Қазақстандағы лезгинка мектебінің жетекшісі Салим Айлазов қазақ тілін насихаттағаны үшін айтылған сынға жауап беріп, өзін қазақ санайтынын айтты.

    «Өзімді қазақ санаймын»: Салим Айлазов қазақ тілін насихаттағаны үшін айтылған сынға жауап берді

    Сурет: sn.kz

    Лезгинка мектебінің жетекшісі, этникалық күрд Салим Айлазов қазақ тілі мен мәдениетін белсенді насихаттағаны үшін айтылған сынға жауап берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің Қазақстанға деген сүйіспеншілігін түсіндіріп, өзін қазақ халқының бір бөлігі санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    «Бауырымдай халыққа деген сүйіспеншілікті білдірудің несі жаман? Қазақстандағы күрдтер қазақ емес пе?», – деп бастады сөзін Айлазов. Оның пікірінше, қазақ халқына тән еркіндік сүйгіштік пен таулық мінез – Қазақстанды отаным деп білетін кез келген ұлт өкіліне ортақ қасиет.

    Салим Айлазов Қазақстанда туып-өскенін, ал мемлекеттік тілге деген құрметті әкесінен үйренгенін атап өтті. Ол алты жасынан бастап қазақ тілін меңгеріп, түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жеңімпаз атанған. «Қазақ тілінің арқасында бағалы сыйлықтар ұтып алдым. Бірде отбасымыздың сатып алуға мүмкіндігі болмаған теледидарды үйге алып келгенім есімде», – дейді ол.

    Оның айтуынша, айналасындағы достары мен жақындарының басым көпшілігі – қазақтар. «Ағам қазақ қызына үйленген, әкем өмір бойы қазақтармен жұмыс істеді, сыныптастарым да қазақ болды. Шынымды айтсам, өзімнің күрд екенімді тек 16 жасымда, күрдтердің тойларына бара бастағанда ғана сезіндім. Біздің күрд тойларының өзі 30-40 пайызы қазақ тілінде өтеді», – деп бөлісті Айлазов.

    «Хайп жасап жүр» деген айыптауларға қатысты ол өзінің негізгі аудиториясы қазақтар екенін жеткізді. «Менің лезгинка мектебімде 350-400 адам оқиды, олардың 80 пайызы – қазақтар. Мен басқа қандай аудитория жинауым керек?», – деді ол. Сондай-ақ шетелден көшіп келуге ұсыныстар түссе де, Қазақстаннан кетуді жоспарламайтынын айтты.

    «Мен өзімді қазақпын деп есептеймін. Шетелге барғанда алдымен өзімді қазақ, содан кейін күрд деп таныстырамын», – деп атап өтті ол. Айлазов ұлын қазақ балабақшасына бергенін және балаларын қазақ дәстүрін құрметтейтін ортада тәрбиелегісі келетінін мәлімдеді. Желі қолданушыларының басым бөлігі оның бұл ұстанымына қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жазды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →