Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады •

    Президенттің сенімін ақтайсыз: Бектенов өзінің жаңа орынбасарына сәттілік тіледі

    Президенттің сенімін ақтайсыз: Бектенов өзінің жаңа орынбасарына сәттілік тіледі

    Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов өзінің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа сенім танытты, деп хабарлайды QazaqToday.infoү

    Ең бірінші Бектенов Президент әкімшілігіне «кеткен» Роман Склярға алғыс білдіріп, табыс тіледі.

    «Өздеріңіз білетіндей, Роман  Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Үкімет атынан Роман Васильевичке Үкіметтегі нәтижелі жұмысы үшін алғысымды айтамын және жаңа жауапты қызметте табыс тілеймін», — деді Бектенов.

    Осы ретте премьер-министр су жаңа орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа да жұмыстың жеңіл еместігін ескертті.

    «Нұрлыбек Машбекұлы, жаңа қызметіңізде сәттілік тілейміз. Мемлекет басшысының сенімін толық ақтайсыз деп сенемін», — деді Бектенов.

    Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →