Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады •

    Әскердегі өзгеріс: сарбаздарға ұялы телефон қолдануға рұқсат етілді

    Әскердегі өзгеріс: сарбаздарға ұялы телефон қолдануға рұқсат етілді

    Фото: istockphoto

    Елімізде сарбаздарға ұялы телефон қолдануға рұқсат етілді. Бұрын тек сенбі, жексенбі күндері ғана ұстауға болатын. Бұл қадам әскердегі қауіпсіздікті арттыру үшін жасалып отыр, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    «Жақын арада Қорғаныс министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізіліп, сарбаздарға смартфондарын қолдануға рұқсат берілді. Қазіргі таңда өздерінің ата-аналарымен, туған-туыстарымен қатынастары күнделікті болып тұрады деп ойлаймыз. Өйткені бұған дейін 2022 жылдан бері «баспанамен бейнеқоңырау» атты бағдарлама болған, онда тек сенбі, жексенбі күндері ғана шыға алатын. Осындай іс-шаралар жүргізіліп жатыр армияның қауіпсіздігін, ашықтығын арттыру үшін», — деді спикер.

    Сондай-ақ, сарбаздардың ас мәзіріне өзгерістер енгізілуде. «Швед үстелі» үлгісі қолданыла бастады. Онда әр сарбаз өзі таңдап алатындай 3-4түрлі «бірінші» және «екінші» ас дайындалады. Пилоттық жоба сәтті іске асса,  бүкіл Қарулы күштерге енгізіледі. Әскери қызметшілердің ас мәзіріне ұлттық тағамдар да қосылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →