Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Алматы облысында тыйым салынған жерде шомылған үш жасөспірім суға кетті

    Алматы облысы Талғар ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Жалқамыс ауылы маңындағы бөгетте шомылуға тыйым салынғанына қарамастан, 9-сынып оқитын үш оқушы суға батып кетті.

    Алматы облысында тыйым салынған жерде шомылған үш жасөспірім суға кетті

    Сурет: ru.qaz365.kz

    Алматы облысы Талғар ауданында үш мектеп оқушысы суға батып кетті. Қайғылы оқиға Жалқамыс ауылының маңындағы бөгетте болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ауыл әкімі Нұрбол Ерікұлының мәліметінше, 9-сыныпта оқитын үш бала ауылдан шамамен бес шақырым жерде орналасқан «Саз Талғар» бөгетіне суға түсуге барған. Ол аталған су айдынында шомылуға қатаң тыйым салынғанын атап өтті.

    «Бұл су қоймасында шомылуға мүлдем болмайды, тіпті балық аулауға да рұқсат жоқ. Алайда үш оқушы тыйымға қарамастан суға түскен», – деді әкім. Қайғылы оқиға орнында, жағалаудан жасөспірімдерге тиесілі киім, телефон және велосипед табылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →