Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы •

    Шахтинскідегі апат: құтқару жұмысында жарақат алған полицейлер марапатталды

    Шахтинскідегі апат: құтқару жұмысында жарақат алған полицейлер марапатталды

    Фото: polisia.kz

    Шахтинскіде газ баллоны жарылған кезде тұрғындарды құтқару барысында ерлік пен жанқиярлық танытқан бес полиция қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған QazaqToday.info.

    ІІМ басшысының тапсырмасымен Қарағанды облысына барған ІІМ-нің жеке құраммен жұмыс департаментінің бастығы Олжас Мырзабеков жарақат алып, қалалық ауруханада ем алып жатқан қызметкерлердің жағдайын білді. Ол Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұловпен бірге қызметтік міндетін атқару кезінде зардап шеккен полицейлермен кездесті.

    Кездесу барысында ІІМ өкілі олардың әрекеті нағыз ерлік пен антқа адалдықтың, азаматтар алдындағы жоғары жауапкершіліктің үлгісі болғанын атап өтті.

    «Төтенше жағдай кезінде көрсеткен батыл әрі жанқияр әрекеттеріңіз, адамдарды құтқару үшін өз өмірлеріңізді қатерге тігуге дайын болғандарыңыз Мемлекет басшысы тарапынан жоғары бағаланды. Сіздер шынайы кәсібилік пен рух мықтылығын көрсеттіңіздер. Мұндай ерлік ешқашан ұмытылмайды және жас қызметкерлерге үлгі болады. Сауығып шыққан соң қайта қатарға қосылып, ел мен қоғамға адал қызмет етесіздер деп сенемін», – деді Олжас Мырзабеков.

    Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы оқылып, «Ерлігі үшін» медалі Руслан Тазиевке, Асхат Бердібековке, Нұргелді Күлжабековке, Ерназ Үскенбайға және Дулат Ситахметовке табысталды.

    Полицейлер Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің басшылығына қызметтеріне берілген жоғары баға үшін алғыс айтты.

    «Сол сәтте біз тек адамдарды аман алып қалуды ойладық. Ешкім өз өміріне төнген қауіп туралы ойлаған жоқ. Бұл – біздің кәсіби әрі адамдық борышымыз. Мен үшін бұл марапат үлкен құрмет қана емес, зор жауапкершілік. Алдағы уақытта да халқым мен еліме адал қызмет етуге дайынмын», – деді патрульдік полиция взводының инспекторы Ерназ Үскенбай.

    Ал Дулат Ситахметов мемлекеттік награда өзіне алдағы қызметіне қосымша жігер бергенін айтты.

    «Көрсетілген сенім мен қолдау күш береді және қызметтік міндетімді бұрынғыдан да жауапкершілікпен атқаруға ынталандырады. Әрбір полиция қызметкері үшін халық сенімін ақтау – үлкен мәртебе», – деді ол.

    Еске салайық, 23 наурыз күні Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде газ баллоны жарылып, артынша өрт шыққан болатын. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялап, адамдарды құтқару кезінде өздері де жарақат алған еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →